CaspianLife, 11 қыркүйек — 2024 жылы тас жол, жылу, газ және сумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға ұлттық қордан 3,6 трлн теңге бөлінеді, деп хабарлайды CaspianLife.
-Мәжілісте қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырды.
Келесі жылы ұлттық қордан 3,6 трлн теңге көлемінде трансферт тарту жоспарлануда. Оның ішінде нысаналы трансферттер 1,6 трлн теңге. Аталған қаражат әлеуметтік маңызды және стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Ол автомобиль жолдарын, жылу, газ және сумен жабдықтау желілерін, инженерлік желілерді жаңғырту, сондай-ақ «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары шеңберінде бірқатар әлеуметтік нысананы салу, — деді вице-министр.
Абзал Бейсенбекұлы 2024 жылы бюджет тапшылығы ЖІӨ 2,6 пайыз деңгейінде болжанатынын айтты. Ал 2026 жылға қарай 2,3 пайызға дейін біртіндеп төмендейді екен.