CaspianLife, 8 қыркүйек — Маңғыстау облысының топырағында мұнай өндіргенде шыққан екі млн тоннаға жуық қалдық қалған. Экологтар оны тазартуды талап етуде, деп хабарлайды CaspianLife.
Мұнай компаниялары кен орындарын игергеннен кейінгі қалдықтарды тазалауға міндетті. Ластанған жерлерді тазалауға 13 млрд теңге бөлінген. Барлық жұмыстар мұнай өндіруші кәсіпорындар есебінен жүргізілуі тиіс.
Экологтар мұнай қалдықтарын осылай көму қоршаған ортаға айтарлықтай зиян тигізетінін айтуда.
«Олардың әсері желдің көмегімен тарайды, жер асты суларына түседі, сондықтан тазалау шараларын жүргізуді талап етеміз», — дейді Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.