CaspianLife, 29 тамыз — Атырауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағына 150 млн теңге бөлінеді, деп хабарлады Caspian Life Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен облыстық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес отырысында айтылды. Одан бөлек, Атырау облысы атынан «Көңілді тапқырлар клубында» өнер көрсететін командаларды дайындау үшін 15 млн теңге бөлінеді.
Ал, облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әділ Жоламанов балалар әдебиетін дамыту, балалардың қызығушылығын ояту мәселесін шешу үшін «Ертегі — даналық айнасы» атты республикалық балалар шығармашылығының ертегі байқауын ұйымдастыруды және оған 14 млн теңге бөлуді ұсынды.