CaspianLife, 18 тамыз — Атырауда шекарашылар күніне орай велошеру етті. Оған ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облыстық департаментінде жұмыс істейтін әскерилер қатысты, деп хабарлайды CaspianLife.
Велошерудің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, елдің шекарасын күзетіп жүрген қарулы күштердің бейнесін көрсету. Шекарашылардың велосипедпен жүріп өткен жолының ұзындығы – 31 шақырым. Олардың жол бойындағы қауіпсіздігін полиция қызметкерлері қамтамасыз етті. Осы орайда, Атырауда жұмыс істеп жүрген шекарашылар кәсіби мерекеге орай өзге өңірлердегі әріптестеріне жылы лебіздерін білдіріп, бейнеқұттықтау жолдады.