CaspianLife, 18 тамыз — Атыраудағы дүкендердің бірінен 2,5 мың дана заңсыз темекі өнімі табылды, деп хабарлайды CaspianLife.
Нақтырақ айтқанда, электронды темекі, вейп және соларға арналған сұйықтықтар. Бүгінде акциздік маркасыз және таңбалаусыз темекі өнімдерін сатқандарға қатысты әкімшілік іс қозғалған. Енді кінәлі азамат заңды белден басқаны үшін жауап береді.
Жалпы жыл басынан бері Атырауда 21914 дана заңсыз темекі өнімі тәркіленген. Сандық таңбалау коды жоқ темекі өнімдерін сатқан кәсіпкерлерге бизнесінің көлеміне қарай 1 миллион 800 мың теңгеге дейін айыппұл салынатынын айта кетейік.
Фото: malim.kz