CaspianLife, 7 тамыз — Атырауда қазақ күресінен республикалық турнир өтті, деп хабарлайды CaspianLife.
ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қызылқоға ауданының құрметті азаматы Мәлік Сүлейменовтың жүлдесіне арналған жарысқа 12 өңірден келген 110-ға жуық ер мен әйел қатысты. Оның ішінде қырық адам — жергілікті спортшы.
«Әрине осындай жарыстар арқылы біздің ұлттық күресіміз, қазақ күресін Атырау өңірінде, дамуына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймыз. Сондықтан осындай жарыс жылма жыл өзінің жалғасын табатын болады. Және біздің палуандарымыз Азия, Әлем біріншіліктеріне жолдама алуға үлкен мүмкіншіліктер бар» — деді Атырау облыстық «Тарлан» қазақ күресІ федерациясының атқарушы директоры Аманбай Қыздарбаев.
Турнирді дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Тарлан» қазақ күресі федерациясы бірлесіп ұйымдастырды. Жарыс соңында сегіз салмақ дәрежесі бойынша үздік шыққандар республикалық «Дала қырандары» турниріне жолдама алды.