CaspianLife, 4 тамыз — Жамбыл облысындағы фосфор зауытында жарылыс болып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Caspian Life.
Оқиға 3 тамыз күні сағат 11:30-да болған. Зардап шеккен 32 және 26 жастағы жұмысшылар ауруханаға жеткізілді. Күйік ауруының шок кезеңі — 2-3. Фосформен термохимиялық күйік — 22 пайыз.
Ашық дереккөздердің мәліметінше, «НДФЗ» ЖШС фосфор зауыты қоймасының аумағында контейнерлік цистернадан сары фосфор шығарылған.