CaspianLife, 2 тамыз — «Саяхаттау еш қашан кеш емес» Деген принципті ұстанған 73 жастағы жихангез Сәрсенбай Қотырашов әлемді жаяу аралап шыққалы отыр, деп хабарлайды CaspianLife.
Ол алдағы үш айдан астам уақыт ішінде Ресей арқылы Грузия, Түркияны аралап, 2890 шақырымдай жер жүрмек. Ал келер жылы мамыр мен қыркүйек айы аралығында Түркия, Франция, ал тамыз-қазан айларында АҚШ-қа сапарламақшы. Одан бөлек Қытай мен Моңғолия өлкесін де аралап, сапарын 2025 жылы қорытындыламақ. Жолдың жалпы ұзақтығы 13000 шақырымдай.
«Бірінші мақсатым Ұлытау өңірін қазақ тарихында алатын орыны. Сонау қола дәуірінен, біздің эрамызға дейін. Екінші мақсатым қолөнер шеберлеріне жол ашу. Юнескомен шартқа отырып, қолөнер шеберлерінің тізімін түгендеп, Юнескоға өткізіп, соның арқасында халықаралық дәрежеде сайт ашып берді. Қазір соның жемісін олар көріп жатыр. Үшінші мақсатым бізде ұмытылып кеткен төл мерекеміз, ұлттық мерекеміз» — деді жиһанкез Сәрсенбай Қотырашов.
Сәрсенбай Қотырашов былтыр еліміздің 17 облысын велосипедпен аралап, 8 мың шақырымдық жолды артқа тастады. Ақсақал Қазақстан рекордтар кітабына, Қазақстан ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалығына енгізілген рекордты жаңартқанын растайтын сертификаттың иегері. Осы уақытқа дейін 70 жастан асқанда жер шарын жаяу айналып шығып, рекорд жасаған саяхатшы әлі болмаған. Сәрсенбай Қотырашов марафонды бір жарым жылда аяқтауды жоспарлап отыр. Жол бойы жихангездің денсаулығы бақыланады, сонымен қатар, шағын автобустағы кәсіби фотограф пен видеоблогер әлеуметтік блог жүргізеді.