CaspianLife, 25 шілде – Атырауда жас қызды соққыға жыққан рестобардың күзетшілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды CaspianLife.kz. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Күдіктілер «топ болып, бұзақылық жасау» бабы бойынша тергелуде. Жағдай 11 шілде күні болған. Жәбірленуші әлеуметтік желідегі өз парақшасында олардың алдымен танысуға тырысқанын, кейін «шылымды лақтырмадың» дегенді желеу етіп ішке кіргізбегенін айтады. Содан соң екі арада жанжал шығып, жігіттер оған қол көтерген.