CaspianLife, 17 шілде – Құрманғазы ауылындағы ангардың құрылысы күзде аяқталады деп хабарлайды caspianlife.kz. Құрманғазы ауданының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімі Абат Жанғалиев Құрманғазы ауылындағы қоқыс полигоны айналасындағы тазалық жұмыстарымен танысты.Құрманғазы ауылындағы қоқыс алаңы ауылдан 1,5 шақырым қашықтықта орналасқан, жер көлемі 13,65 га. Жер телімі аудан әкімдігінің қаулысымен аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне берілген. Аудан басшысы аталған полигон алаңында болып, алаңның ережеге сәйкес көгалдандыру, жан-жағын қоршау, жол төсеу жұмыстарын бақылады.Сонымен қатар, аудан басшысы жуық арада құрылысы басталған ангар қондырғысының жұмысымен танысып, жұмысшылармен жүздесті. Биыл басталған ангардың құрылысын «Нур-Тех.Сервис» жеке кәсіпкерлігі жүргізуде. Құрылыс жұмыстары күз айында аяқталады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау қондырғысын сатып алу да жоспарда бар.Аудан әкімі тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон қараусыз қалмауын, әр тұрғын, мекеме көлікпен қоқыс тастаған соң, қақпаны жауып, алаң сыртын да таза ұстауын ескертті.