CaspianLife, 5 шілде — ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайлов пен ҚР Президентінің кеңесшісі Болат Ақшолақов іссапармен Атырауға келді, деп хабарлайды Caspian Life.
Министрлер кабинетінің өкілдері бірден Атырау мұнай өңдеу зауытына барып, жағдаймен танысты. Үкімет басшысы Смайлов кәсіпорын директорына автономдық газ турбиналы электрстанциясын салуды жеделдету және бұл жұмысты 2-3 жылдың ішінде аяқтау керек екендігін айтты.
МАЭК-те 3 шілде күні болған болған апат салдарынан Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатқан еді. Қазіргі уақытта кәсіпорынды қайта іске қосу жұмысы жалғасуда. Жарықтың аяқасты сөнуі себепті биыл зауытқа 6,6 млрд теңге шығын келген.
Әлихан Смайлов пен Болат Ақшолақов кейін Karabatan Utility Colutions мекемесіне бармақ.