CaspianLife, 1 шілде — Атыраудан Алматыға бет алған ұшақ Қызылордаға шұғыл қонды. Бұған жолаушылардың бірінің денсаулығының нашарлауы себеп болған, деп хабарлайды caspianlife.kz. Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. «Хабарламада жолаушының қызылордалық дәрігерлерге тапсырылғаны және ұшақ экипажының Алматыға ұшуға дайындалып жатқаны» айтылған. Әуе компаниясы рейстің кешігуіне тасымалдаушының кінәсі жоқтығын ескертті.