CaspianLife, 1 шілде — Қазақстанда шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру мерзімі аяқталды,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше 23 қаңтардан бері өңірде 12 191 адам автосын легализациялап, мемлекеттік нөмір алған. Оның ішінде 6511-і Армениядан, 5253-і Ресей Федерациясынан,115-і Қырғызстаннан, 41-і Грузиядан, біреуі Дубайдан және тағы біреуі Белоруссиядан жеткізілген. Сонымен қатар 22 мамырдан бері 269 адам констуктор көлігіне еліміздің мемлекеттік нөмірін тағыпты. Тәртіп сақшылары легализация мерзімі ұзартылмайды дейді. Сондықтан еліміздің заңын бұзып, шетелде тіркелген көліктерді мініп жүргендер заң бойынша жауапқа тартылмақ. Естеріңізге салайық, Қазақстанға 2022 жылдың 1-інші қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру биыл 23 қаңтарда басталған еді. Мамандардың сөзінше 1-інші шілдеге дейін берілген өтініштің барлығы қарастырылады. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің тіркеуінен шығарылмауы себепті біздің елде заңдастырылмаған көліктерді иелері 5 жыл мерзімге тіркеуге қоюға құқылы.