CaspianLife, 27 маусым — Құрбан айтқа мал іздеп, базар аралаған халықтың қарасы көп. Бірақ, үйдегі көңілді базардағы бағаның бұзып тұрған жайы бар,— деп хабарлайды caspianlife.kz. Қазір мұнда қой 70-130 000, мүйізді ірі қара 350-600 000 теңге аралағында саудаланып жатыр. Тұрғындар былтыр 50-60 мыңға семіз ісек алатындай мүмкіндік болса, биыл бұл сомаға тышқақ лақ та таппайсың дейді. Мал саудасын қыздырып тұрған сатушылардың да айтар өз уәжі бар. Оларға сенсек, бағаның көтерілуіне түрлі фактор әсер ететін көрінеді. Мысалы, жол, жем-шөп шығыны, бақташыларға төленетін ақы және тб. Ал мешіт қызметкерлері мүмкіндікті пайдаланып, бағаны қымбаттатып, пайда тауып қалуға тырысқаннан гөрі, халықтан алғыс алған жөн дейді.