CaspianLife, 7 маусым — Атырауда «Қауіпсіз өнім таңда» акциясы өтті, деп хабарлады CaspianLife.
Басты мақсат – тұтынушылардың сатып алған тағамының адам өміріне қауіпсіздігін анықтау. Іс-шараны Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «7-маусым дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күніне» орай ұйымдастырды. «Сарайшық» коммуналдық базарында өткен акция кезінде тұрғындар өздері сатып алған көкөністердің құрамындағы нитраттың мөлшерін, сүт, ет өнімдерінің балғындығы мен майлылығын тексерді. Жыл сайын ұйымдастырылатын акция алдағы уақытта да өтеді дейді мамандар.
Ең басты басымдылығы алған халық өзінің өнімін осы жерге алып келіп акция шеңберінде лабораторияның көмегімен сатып алған өнімнің қауіпсіздігіне тікелей көп уақыт созбай, осы базар барысында, сатып алу барсында көз жеткізіп үйіне сенімді, қауіпсіз тамақ алып баруына толық мүмкіндігі бар. Енді осы тұрғыда қала қонақтары мен тұрғындарын бұл акцияға бір адамдай ат салысуға шақырамыз. Себебі, біздің басқармаға бастысы халықтың қауіпсіз өнім таңдағаны, қауіпсіз өнім қабылдағаны, пайдаланғаны. Бұл шара алдағы уақытта ұйымдастырылып тұратын болады — деді Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Ернар Ғаділбекұлы