CaspianLife, 6 маусым — Елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге паш ететін, ұлттық бірлікті нығайтып, патриотизмді қалыптастыруда ерекше мәнге ие мемлекеттік рәміздерімізге биыл 31 жыл толды. Мерекені Исатай ауданының халқы да ойдағыдай атап өтті, деп хабарлайды CaspianLife.
Мерекеге арналған мұндағы салтанатты жиын орталық Қазақ елі саябағында ұйымдастырылды. Алаңға жиылған жұртшылықты аудан әкімі Полымбет Хасанов құттықтап, мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі екенін, оның мазмұнды нышандары өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұрғанын, рәміздердегі нышандар арқылы ұлтымыздың әлем алдындағы бейнесі қалыптасатынын атады. Мереке концерттік бағдарламамен аяқталды.
Санамызға тәуелсіздік идеясын сіңірген егемендігімізбен келешегіміздің кепілі болған рәміздерімізді насихаттау, жастардың бойына патриоттық рухты дарыту бұл осы бүгінгі шараның мақсаты. Жастардың қатысуымен, спортшылардың, ардагерлердің қатысуымен кең көлемде шаралар ұйымдастырылып жатыр. Қазіргі уақытта аудан өнерпаздарының қатысуыменен аудан тұрғындарына мерекелік сазды бағдарлама болып жатыр. Бүгінгі мерекеге орай барлық аудан тұрғындарын осы еліміздің мақтанышы болған бүкіл әлем елдері алдында ән ұранымыз асқақтап, ел таңбамыз еңселі болып көк туымыз көкте қалықтай беруін тілейміз. Мереке құтты болсын. — деді Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ринат Есқали