CaspianLife, 31 мамыр –Ақтауда көлік жүргізушілері бір-екі күннен бері сұйытылған газ үшін кезекке тұруға мәжбүр, -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Айтуларынша қазір Ақтау қаласындағы газ құю орындарының көбі жабық. Автобекет иелері газдың жоқ екендігін айтуда. Ал ашық бекеттерде ұзын-сонар кезек. Мұнайлы ауданында да осындай жағдай. Тұрғындар енді сұйытылған отын бағасы қымбаттай ма деп қауіптеніп отыр. Ал әкімдік болса газ қоры жеткілікті дейді. Оларға сенсек, бәріне Маңғыстауға басқа өңірлерден көлікпен келіп жатқан туристер кінәлі көрінеді. Себебі автогазды тұтыну көлемі ұлғайған. Маңғыстау облысында 93 автогаз құю станциясы болса, оның 27-сі Ақтау қаласында.