CaspianLife, 17 мамыр — Атырауда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Өтеғалиевті еске алуға арналған волейболдан республикалық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды CaspianLife.
12 жыл қатарынан ұйымдастырылған спорттық іс-шараға 2008-2009 жылы туған 200-ге жуық спортшы шеберлік байқасуда. Олардың арасында Ақтөбе,Ақтау өңірлерінен келген командалар бар. 4 күнге созылған сайыстың қортындысы 21 мамыр күні белгілі болмақ.
«Жүлде қоры семьясының атынан 200 мың, 2 орынға 150 мың, 3 орынға 100 мың сыйақы тағайындалып отыр. Осы жарыстьан балалар чемпионатқа іріктеледі. Құрама жасақталады» — деді ұйымдастырушы Нұрлан Қайырлиев.