CaspianLife, 11 мамыр — Алмагүл ықшам ауданында қоқысты ақшаға айырбастайтын экобекет ашылды, деп хабарлайды Caspian Life.
Мақсат — қала тұрғындарын тұрмыстық қалдықты сұрыптауға ынталандыру» дейді ұйымдастырушылар. Атыраулықтар бекетке қағаз, әйнек, металл және пластмасса қалдықтарын тапсыра алады. Бағасы салмағына байланысты. Экобекетке жиналған қоқыс қайта сұрыптау мақсатында тиісті орындарға жіберіледі.
«Шаңырақ» еріктілер тобының бастауымен ашылған экобекет еріктілері өздеріне түскен қаржының 10 пайызын қайрымдылыққа жібереді. «Пилоттық жобаны тұрғындар қолдаса, болашақта тағы 15 нүктесін ашамыз» дейді ұйымдастырушылар.