CaspianLife, 3 мамыр – «Биыл ауыл шаруашылық мақсатындағы 210 мың гектар жер учаскесін мемлекетке қайтарылуы мүмкін»,- деп хабарлайды сaspianlife.kz. Мұны ҚР Ауылшарушалығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлзия Құрманова мәлім етті. Бұған дейін жер учаскесін нысаналы мақсатқа сай игермегендерге 21 нұсқама берілген. Бұдан басқа, ҚР Жер кодексінің талаптарын сақтамағаны және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланатын жер учаскелеріне департаментпен 18 нұсқама табысталыпты. Сондай-ақ, оның айтуынша, аталған тапсырма бойынша күні бүгінде барлығы 56 жер учаскесі қайтарылған. Олардың жалпы көлемі – 17296,20 га. Оның ішінде 40 га жер учаскесі егістік үшін, 16864,95 га жайылымдық үшін және 391,25 га басқа мақсаттағы жер учаскелері.