CaspianLife, 26 сәуір — Жылыойда ауданның 95 жылдығына, халықаралық би күніне және ҚР Халық әртісі Талпақова Гүлжан Талпақованың 75 жылдық мерейтойына орай «Би өрнектері» атты облыстық би байқауы өтті деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Оған 12 би ансамблі қатысты. Би жарысы «дәстүрлі сюжеттік қазақ биі» және «заманауи үлгідегі қазақ биі немесе әлемдік ұлттар биі» атты ІІ кезеңнен тұрды.
«Бүгін бәрі де жақсы өнер көрсетті, керемет қойылым болды. Біздеге би өнерінің деңгейі жыл сайын жақсарып келеді. Оған жергілікті және басқа жақтардан арнайы шақырылатын хореографтар да зор ықпал етіп отыр деп айтуға болад»,- деді ҚР халық әртісі Гүлжан Талпақова.
Байқау қорытындысы бойынша Жылыой ауданының «Жем аруы» халықтық би ансамблі бас жүлдені жеңіп алды. Атырау қаласынан келген «Жайық қызы» халықтық би ансамблі 1 орын, Исатай ауданының «Аққайың» үлгілі би ансамблі 2-ші және атыраулық «Жұлдыз» халықтық би ансамблі мен мақаттық «Еркем-ай» үлгілі би ансамблі 3-ші орынды иеленді.