CaspianLife, 25 сәуір – Биыл 1500-ге жуық атыраулыққа жер телімі беріледі деп хабарлайды сaspianlife.kz. Мұндай ақпаратты Атырау облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали айтты. Қазіргі уақытта облыста 138 мыңнан астам жер кезегінде тұр. Оның басым бөлігі Атырау қаласының тұрғындары. Ал аудандар бойынша барлығы 31331 адам учаске алғысы келеді. Индерде – 5978, Мақат ауданында — 1294, Махамбетте – 4217, Жылыойда – 14041, Исатайда – 459, Қызылқоғада — 2877, Құрманғазыда — 2465.
«Атырау облысында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға өтініш бергендердің саны 138 мыңнан асты. Оның ішінде 106707 адам жер телімін Атырау қаласынан алғысы келеді. Биыл жеке тұрғын үй құрылысы үшін тұрғындарға 1452 учаске беріледі деп күтілуде»,— деді Әлібек Ермекқали.
Фото egemen.kz сайтынан