CaspianLife, 20 наурыз — Биыл әкімдік Атырау облысындағы 2500-ге жуық кәсіпкердің жобасын қаржыландыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды CaspianLife.
Бұл үшін қазынадан қарастырылған қаржының көлемі – 10,5 миллиард теңге. Өткен жылы өңірдегі кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бюджеттен 8 миллиард теңге бөлініпті. Оның 6 миллиарды несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға жұмсалса, несиені кепілдендіруге 1,9 миллиард теңге қарастырылған. Ал қалған 106 миллион теңге кәсіпкерлерге грант ретінде берілген. Атырау облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабековтың сөзінше, өңірдегі кіші және орта бизнесті қолдауға арналған жұмыс нәтижелі.
Фото: Baq.kz