CaspianLife, 3 сәуір — Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Қайсар Абдалиев «Атырау» ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Caspian Life.
Жиын барысында дәрігер мен науқас арасындағы қарым қатынас, тегін дәрі-дәрмек, білікті мамандардың жетіспеушілігі секілді мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, тұрғындар осындағы медициналық қызметтің сапасына шағым айтты.
Дегенмен округ тұрғындары үшін ең үлкен проблема отбасылық-дәрігерлік амбулатория ғимаратының тарлығы. Басқарма басшысы мұны шешудің жолын қарастырып жатқандығын айтты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы енді өзге ауылдық округ тұрғындарымен де кездесіп, олардың мәселелерін тыңдамақ.