CaspianLife, 10 сәуір — Атыраулық полицейлер ірі көлемде «синтетика» сақтаған ШҚО тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Caspian Life.
Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде Атырау қаласы аумағында синтетикалық есірткіні жасырған ШҚО-ның 1990 ж.т. тұрғынын анықтаған.
Тергеу жұмыстары нәтижесінде 86,9 гр альфа-PVP және 207,91 гр мефедрон анықталып, медициналық сараптама қорытындысымен ірі көлемдегі синтетикалық есірткі екендігі белгілі болды.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергер тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — дейді ПД баспасөз қызметі.