CaspianLife, 27 наурыз — Қала іргесінде орналасқан «Тұлпар» лагері бұзылады. Мұны Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнара Сәдуахасова айтты деп хабарлайды сaspianlife.kz. Оның сөзінше, балаларға арналған демалыс орнының жағдайы туралы 5-6 жылдан бері көтеріліп келеді. Жуықта аймақ басшылары мен жауапты басқарма өкілдері лагердің жағдайын өз көздерімен көріп қайтыпты. Нәтижесінде, жаңа лагерь бой көтеруі тиіс деген нақты шешім қабылдапты. Гүлнара Сәдуақасованың айтуынша, заманауи лагерді салу үшін қажетті қаржы республикалық бюджеттен бөлінуі мүмкін.
фото «Ақжайық» газетінен