CaspianLife, 24 наурыз — «Нұрлы тал» этно-саябағында Наурыз мерекесіне орай атыраулықтарға арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды CaspianLife.
Жәрмеңке ұйымдастырылып, ұлттық ойындар насихатталды. Көпшілік қазақы нақыштағы ұлттық киімдермен келіп, мерекелік көңіл-күйде жүрді. Жәрмеңкеге қатысқан қолөнер шеберлері қызығушылық танытқандарға өз білетіндерін үйретуге тырысты. Саябақ аумағында киіз үйлер тігіліп, үлкендер мен кішкентайлар дәмнен ауыз тиді. Балалар алтыбақан теуіп мәре-сәре болды, Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жергілікті балалардан құралған би топтары мың бұрала билеп, жергілікті өнерпаздар ән шырқады.