CaspianLife, 20 ақпан — Бразилияның Сан-Паулу штатында толассыз жауған нөсерден 36 адам мерт болды, деп хабарлайды CaspianLife.
Бұған дейін 24 адам қаза тапқан. Өткен тәулікте өңірде айлық жауын-шашын мөлшері жауған.
Қатты зардап шеккен Сан-Себастьян және Бертиогада бұл көрсеткіш рекордтық 627 және 683 мм жеткен.
Табиғи апаттан көптеген су тасқыны мен көшкін болып, тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары қираған.
Сан-Паулу штатының астанасын жағалау маңындағы аудандармен және көрші Рио-де-Жанейромен байланыстыратын ірі трассаларда жол қозғалысы үзілді.
Жергілікті биліктің мәліметінше, үйінді астынан ондаған адам табылып жатыр.