CaspianLife, 13 ақпан — «Теңіз» кен орнындағы «Сенімді құрылыс» компаниясының жұмысшылары наразылықты тоқтатты. Қазір мұндағы жағдай қалыпты, қызметкерлер жұмыстарына кіріскен. Атырау облысының бас еңбек нспекторы Игілік Әубәкіровтың айтуынша, арнайы құрылған комиссия жұмысшылар қойған талаптар бойынша оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды CaspianLife.
«Банағы ереуілге шыққан заңсыз ереуіл деп есептеймін мен оны. Шыққан адамдарға тиісті ақпарат келмегендіктен шығар. Өздерінің сондай талапты қойып жатқаны. ++Жаңағы жалақыдан басқа мәселелер оң шешімін табады деп уәде берді мекеме басшылары. Мекеме басшылары тұрмыстық жағдайлар басқа да кадрлық мәселелер бойынша. Ал жалақы көтеру бойынша сол бекітілген 8,4 пен 300 мың теңге әрбір жұмысшыға ол солай берілетін болады» — деді Атырау облысының бас еңбек инспекторы Игілік Әубәкіров.
11 ақпан күні «Сенімді құрылыс» компаниясының 300-ге жуық жұмысшысы наразылыққа шығып, жалақыларын 20 пайызға, сондай-ақ бір реттік бонус ретінде берілетін 300 000 теңгені 500 мыңға дейін көтеруді талап еткен еді. Ресми дерек бойынша компания басшылығы жалақыны 8,4%-дан жоғары көтере алмайтынын және 300 мың теңге көлеміндегі сыйақының өзгеріссіз қалатынын айтқан. Және жұмысшыларға бұл шарттар ұнамаса жұмыстан өз еріктерімен кете беруге болатындығы ескертіліпті. Ақырында олар басшылықтың айтқанымен келісіп, жатақханаларына тараған. «Сенімді құрылыс» мекемесі — Теңіз кен орнында «Келешек кеңею» жобасы аясында үшінші буын зауытын салып жатыр. Мұндағы жұмыс 95 пайызға аяқталған.