CaspianLife, 31 қаңтар — Атырауда 100-ге жуық жылу батареясын ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабаралайды CaspianLife.
№1 Атырау қалалық полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, қойма ішінен өзіне тиесілі 87 дана жылу батареясын, 15 қорап ішіне оралған 10 дана газ есептегіші мен 20 дана болатын су есептегішін жасырын ұрлап оқиға орнынан бой тасалап кеткендігі жөнінде арызданды. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның жалпы құны — 5 325 000 теңге.
Қазіргі таңда күдіктілер анықталып ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.