CaspianLife, 27 қаңтар — Еуроодақ заңсыз мигранттар көп келетін елдерге виза беру тәртібін қиындатпақ, деп хабарлайды CaspianLife.
Ұйымның миграцияға жауапты министрлері бүгін Стокгольмде бас қосып осы мәселелерді талқылады. Сондай-ақ келімсектерді отынаны қайтару жолдарын қарастырды. Осыдан үш жыл бұрын Еуроодақ билігі өз азаматтарын қайтаруға құлшынысы жоқ мемлекеттерге виза беруді шектеуге келіскен болатын. Алайда осы мезгілге дейін бұл шара тек Гамбияға қарсы қабылданды. Еуропалық комиссия Ирак, Сенегал және Бангладешке де осындай шектеу қоюды ұсынып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, Еуроодақта тұруға рұқсат жоқ келімсектердің тек 21 проценті ғана өз отанына қайтарылды.