CaspianLife, 20 қаңтар — Биыл соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда емес, 1маусымда соғылатын болды, деп хабарлайды CaspianLife.
Мұны Оқу-ағарту министрлігіне қарасты орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты. Министрлік өкілінің сөзінше оқу жылының соңғы күні – 31 мамыр. Бұл күні мектептерде балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты сабақтармен қатар, түрлі іс-шара өткізіледі. 1 маусым – жазғы каникулдың алғашқы күні болып есептеледі және білім ордаларында соңғы қоңырау салтанаты болады.