CaspianLife, 24 қараша — Атыраудағы Береке ықшам ауданындағы отбасылық дәріргерлік амбулатория қолданысқа берілмек, деп хабарлайды CaspianLife.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, нысан құрылысының 98% аяқталыпты. Амбулатория қолданысқа берілсе, қалалық емхананың жүктемесі азайып, берекеліктер өз емханаларына жүгінетін болады.
Одан бөлек, бұл ғимаратта облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының бөлімшесі орналасады. Емханаға соңғы үлгідегі құрылғыларды әкелу арқылы тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы артатынына сенеміз дейді әкімдік.
Жалпы аумағы 775,46 шаршы метрді болатын нысан 1 қабатты. Қазіргі таңда, ішкі әрлеу мен сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, Атырау облысы құрылыс басқармасының тапсырысымен салынып жатқан бұл нысанның құрылысы 2022 жылдың наурыз айында басталды. 2023 жылдың қаңтар айында тапсыру жоспарланған.