CaspianLife, 7 қараша — 80-ге жуық атыраулық қару сақтау ережесін бұзған. Бұл туралы қалалық ПБ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау қаласы аумағында өткізіліп жатқан “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мекен-жайларды тексеру кезінде Жұмыскер ықшам ауданының тұрғынының үйінен биыл ақпан айында мерзімі асып кеткен аңшылық қару анықталды. Аталған азаматқа катысты ҚР ӘҚБтК-нің 486 бабы 1 бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, аңшылық кару уақытша полиция бөліміне тапсырылды.
Сондай-ақ, жыл басынан бері 80-ге жуық тұлға қаруды сақтау мен тіркеу тәртібін бұзған.
«Айта кетейік, Азаматтық қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат бес жылға беріледі және ұзартылады. Қару иемденуге рұқсат алу үшін ҚР азаматы тұрғылықты жеріндегі ІІО-на белгіленген нысанда: өтініш, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар белгілеген қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медициналық қорытынды және ҚР азаматтығын растайтын құжат тапсыруға міндетті»,- делінген хабарламада.
Адамдарға ыңғайлы болу үшін аталған мемлекеттік қызмет “электрондық үкімет” порталы арқылы электронды түрде көрсетіледі.