CaspianLife, 21 қазан — Республика күніне орай Атырауда «Патриотизм дауысы» атты мемелекеттік гимнды орындау акциясы ұйымдастырылды.
Бұл іс шараға Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы Атырау музыка колледжінің студенттері мен оқытушылары да өз үлестерін қосып, гимнді ұжым болып орындады. Мерекеге байланысты ұйымдастырылған іс шараға 70 оқытушы, 200 студент және балалар музыка мектебінің 25 оқушысы қатысты.
«Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы Атырау музыка колледжі 25-қазан Республика күнімен барша қазақстандықтарды құттықтайды. Бұл күн-ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін», — деді Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі директорының орынбасары Ардақ Нығметов.