CaspianLife, 18 қазан — Атырауда егіздердің саны артты деп мәлімдеді облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары Альмира Сабырғалиева.
Жыл басынан бері Атырауда 96 егіз бен бір үшем дүниеге келді. Бұл былтырмен салыстырғанда 9,1%-ға көп.
«Жыл басынан бері Атырау облыстық перинаталдық орталығында 6796 сәби дүниеге келді. Соның ішінде егіздер саны артып келеді. Биыл жыл соңына дейін туу көрсеткіші тағы өседі деген үміттеміз», — деді Альмира Сабырғалиева.
Айта кетейік, өткен жылы өңірде 7375 сәби дүниеге келген.