CaspianLife, 28 қыркүйек — Атыраулық еріктілер шала туған балаларға 2500 зат тоқыды деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«28 ілмек» клубында 60-қа жуық ерікті бар. Ұйым еліміздің 15 қаласында жұмыс істейді. Еріктілердің Атырау қаласында жұмыс істеп келе жатқанына 10 жылдай болды.
«28 ілмектің» еріктілері дайындалған заттар мен мақтадан жасалған ойыншықтарды тоқиды. Ал дайын өнімдер Атырау облыстық перинаталдық орталығына беріледі.
«Тоқылған заттар кішкентайлардың жылы қалыпта болуына көп септігін тигізеді. Кувезде шала туған балалар үшін оңтайлы температура сақталады. Жүн құрамына қарай осы қасиеттерге ие. Сонымен қатар жүн талшықтары массаждың өзіндік әсерін жасайды, қозғалыс моторикасын жақсартады», — деді «28 ілмек» клубының мүшесі Валентина Верцан.