CaspianLife, 23 қыркүйек — Атыраудағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін сағат 14.58 шамасында қонақ үйден түтін шығып жатқаны жайында шақырту келді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың төбе жабындысы жанып жатқанын анықтады. Өрттің ауданы шамамен 800 шаршы метр, төбе жабындысының жануы салдарынан өрт жоғарғы қабатқа жайылды.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.