CaspianLife, 9 қыркүйек — II дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген 1073 атыраулық тұрғын жылына бір рет 150 мың теңгеге дейін әлеуметтік көмек алатын болады деп мәлімдеді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Құралай Тілеумағамбетова.
Олар бұған дейін жылына 100 мың теңге алып келген. Сондай-ақ, олардың коммуналдық қызметтерін өтеу үшін ай сайын төленетін жәрдемақы мөлшері 35 мың теңгеге дейін өсті. Бұған дейін жәрдемақы 15 мың теңге болған еді.
Атырауда ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген 1073 адамнан тұратын бес топ бар. Олар: Ауған соғысына қатысқан 451, Тәжік-Ауған аумағындағы соғысқа қатысқан 324, Ирактағы халықаралық бітімшілік операцияларына қатысушы 3, Таулы-Қарабахтағы эносаралық қақтығысты реттеуге қатысушы 106, Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан 189 ардагер.