CaspianLife, 8 қыркүйек — Атырауда жоспарлы жөндеуге байланысты бірнеше күнге ыстық су беру тоқтатылады деп хабарлайды «Атырау жылу желілері» АҚ-ның баспасөз қызметі.
12-23 қыркүйек аралығында магистральдық жылу желілері толық өшіріледі.
27-29 қыркүйек аралығында магистарльдық жылу желілеріне сынақ жүргізіледі.
«Атырау жылу желілері» АҚ уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.