CaspianLife, 26 тамыз -Жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты 28 және 31 тамыз аралығында «Қазпошта» АҚ жұмыс істемейді. Мекеменің Атырау облысындағы бөлімшелерінде де пошталық және қаржылық қызметтер уақытша тоқтатылады.
«Қаржылық қызметтер, терминалдар, онлайн сервистік төлемдерді қабылдау сияқты қызметтер, пошталық қызметтер, хаттар мен посылкаларды алу-жіберу деген сияқты мүмкін болмайтындығын хабарлаймыз. Осыған орай облыс тұрғындарына айтарымыз «Қазпошта» АҚ алатын қызметтеріңізді алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», — дейді Атырау облысындағы мекеме филиалы сату бөлімінің бас маманы Қуандық Муапихов.
«Қазпошта» қызметі 31 тамыз күні елорда уақытымен сағат ертеңгілік 08:00-ден бастап қайта іске қосылады.