CaspianLife, 8 тамыз – Атыраулықтар 413,4 млн теңге салық төлемеген деп мәлімдеді облыстық Кірістер комитетінің Өндірістік емес төлемдердің басқарма басшысы Нұрболат Сарманов.
Кірістер комитетінің ақпаратынша, 19 мың азамат 413 млн теңге салық төлемеген. Берешектің негізгі сомасын көлік салығы құрап отыр. Бұл бағытта қарыздың көп бөлігі Атырау қаласында. 6 мың қала тұрғыны көлік салығы бойынша 277 957 125 теңге берешек. Одан кейін Жылыой ауданы. Бұл аудандағы 1200 автокөлік иесі 37 333 232 теңге көлемінде салық төлемеген. Құрманғазы ауданы қарыз мөлшері бойынша үшінші орында. Автокөлік жүргізушілерінің мемлекетке 16 547 141 теңге қарызы бар.
Комитет 2021 жылға жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі биыл 1 сәуірде аяқталғанын еске салады.
“2022 жылғы 17 мамырдан салықты уақтылы төлемеген, 1 АЕК-тен асатын берешегі жеке тұлғаларға борышты өндіріп алу туралы салық бұйрықтары жолдана бастады”, — деді Н.Сарманов.
Оның айтуынша, берешек төленбеген жағдайда салық бұйрығы табыс етілген күннен кейін 5 жұмыс күні өткен соң, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі. Жеке сот орындаушылары заңға сәйкес банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқығы бар.
Сондай-ақ, егер қарыз 40 АЕК-тен асса, азаматқа елден шығуға тыйым салынуы мүмкін. Қазақстаннан шығуға тыйым салу туралы ақпаратты https://aisoip.adilet.gov.kz/ сайтынан білуге болады.