CaspianLife, 4 тамыз – Атырауда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Бүгін сағат 11:30 шамасында 59 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан тұрғыны қағып кетті. 34 жастағы зардап шегуші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта қажетті құжаттар жасақталуда.