CaspianLife, 3 тамыз – ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов брифинг барысында Атырауда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
«Мұнай-газ-химия саласында 6 жоба іске асырылуда, оның ішінде қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндірісі, Атырау облысында қуаты жылына 1 млрд текше мтер шикі газ болатын газ өңдеу зауытын, Батыс Қазақстан облысында қуаты жылына 130 мың тонна метанол өндіру зауытын салу, сондай-ақ полиэтилен мен бутадиен өндіру жобалары пысықтаудың әртүрлі сатыларында», — делінген министрліктің хабарламасында.
Одан бөлек, газ тасымалдау жүйесін салуға, жаңғыртуға, жылу электр орталықтары мен елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайтуға бағытталған 10 инвестициялық жоба іске асырылып жатқанын айта кетті.
«Биыл Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасын іске асыру басталды, бұл өндіру сөресін қолдауға бағытталған. Қашаған кен орнында су тазарту қондырғысы бойынша жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, Қашағанда өндіруді ұлғайту үшін 2А фазасы мен 2Б фазасын кеңейту жобалары қарастырылуда», — деде министр.
Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған ЖЭО-ны жаңғырту бойынша жұмыстар басталды, сондай-ақ Алматы қаласының кабельдік желілерін реконструкциялау және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары арасында транзиттің екінші тізбегін салу жүргізілуде.