CaspianLife, 29 шілде — Өңірде «Жұлдыз 3» және «Көктем» елді мекендерінде балабақша құрылысы жүргізілуде деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
160 орындық екі қабатты бөбекжайлардың құрылысы былтыр басталған болатын. Аталған балабақшалар «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында салынуда.
Құрылыс бөлімі мамандардың айтуынша, қазіргі таңда жұмыстың 80%-ы аяқталған. Бүгінде терезе қондыру жұмыстары бітті, төбе жабындылары жабылуда және ішкі құрылыс жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, сыртқы инфрақұрылым жұмыстары да қоса атқарылуда.