CaspianLife, 27 шілде — АМӨЗ-ның мұржасынан шыққан қара түтін Атыраулықтарды алаңдатты. Зауыттың ресми сайтында авариялық тоқтаудың болғандығы және оған «KEGOC» АҚ-ның электр қуатын жоспардан тыс тоқтатып тастауы себеп болды деп көрсетілген.
Зауыттағылар төтенше жағдайдың алдын-алу үшін зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағыттапты.
««KEGOC» АҚ-ның бұл тоқтауы жоспардан тыс болып табылады, бұл өндірістің жұмысына кері әсер етеді. Ақаулықтарды жою нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады», — делінген хабарламада.