CaspianLife, 26 шілде – Қайғылы оқиға кезінде балалар үйінде болмаған. Бірақ, қайтыс болған әйелдің анасы полицияға қызын таба алмай жатқанын және есікті ешкім ашпайтынын айтып, хабарласқан екен.
«Кезекші қызметкер келіп түскен қоңырау бойынша мекенжайға барып, пәтердің есігін ашқан кезде екі адамның денесін тапты», — деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Деректер бойынша, қайтыс болғандар ерлі-зайыптылар, олардың артында кәмелетке толмаған 4 бала қалды.
Қазіргі таңда «Адам өлтіру» және «Өзін-өзі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.