CaspianLife, 25 шілде – Атыраулық полицейлер бейнебақылау камералары арқылы Skoda автокөлігінің ішінде әйел төрт ер адамға белгісіз дәрі сатып жатқанын байқап, жақын маңдағы патрульдік қызметкерлерге нұсқау берген.
Патрульдік полиция көлікті Жерұйық мөлтек ауданының тұсында тоқатып, тексеріс кезінде жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғанын анықтаған. 30 жастағы азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Ал, психотропты дәрі сатқан әйелден 13 дана трамадол және 5 дана тропикамид психотропты дәрілері тәркіленді. Оған қатысты шешім қабылдау үшін медициналық экспертиза тағайындалды.