CaspianLife, 23 шілде — Атырауда Грузиядан әкелінген көліктер “заңсыз тасымалданған” деп танылып, айыппұл тұрағына қойылып жатыр. Ал, ол жерден темір тұлпарды қайта шығару мүмкін болмай тұр.
«Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген көліктердің аймақта қозғалуына тыйым салынған. ЕЭО аймағында аталмыш көліктермен сол елдің азаматтары ғана жүре алады. Оның да уақыты шектеулі — 1 жыл. Бұған дейін бірнеше рет алдын алу шараларын өткіздік. Нәтижесінде елге заңсыз әкелінген көліктер айыппұл тұрағына қойылды», — дейді кедендік әкімшілендіру департаментінің басшысы Рүстем Жайлашев.
Соңғы күндері Атырауда грузиялық нөмірі бар автокөліктер жиі тоқталып жүр. Олардың көбі — Toyota Camry. Кеден қызметкерлері көліктерді бірден тұраққа алып кетеді.
«Темір тұлпарды айыппұл тұрағынан шығару үшін бұған дейін болған грузин иесін шақырып, қажетті құжаттарды жасақтау қажет. Сонда ғана шетелдік көлікпен ел аумағында қозғалуға болады», — дейді Жайлашев.