CaspianLife, 23 шілде — Ел кубогы аясында өткен топтық кезеңнің үшінші турында “Атырау” мен “Ордабасы” футбол командалары кездесу өткізген болатын.
Шымкенттік стадионда болған матчта атыраулықтар 4:1 есебімен ұтылып қалды. Бұл футбол клубының алғашқы жеңілісі емес еді. Көрермендер матч қорытындысына көңілдері толмай, шу шығарды.
«Біздің бюджеттен бөлінген қаражаттың ысырап болғанын қаламаймыз. Легионерлерді ауыстыруды талап етеміз! Олардың орнына өзіміздің жас буын келсін. Талай матчта тәжірибе жинаса, бізде легионерлерсіз де футбол клубы болады!», — деп наразылықтарын білдірді жанкүйерлер.
Айта кетелік, осы матчтан кейін “Ордабасы” 6 ұпай жинап, алматылық “Қайратты” басып озды. Ал, “Атырау” 3 ұпаймен көштің соңғы жағында тұр.